АКАДЕМИЯ ОҚУШЫСЫ — ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ

Академия оқушылары Махамбеттік көрерменді өнерімен тәнті етті
11.05.2022
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДЫҚ КӨРМЕСІ
31.05.2022

АКАДЕМИЯ ОҚУШЫСЫ — ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ

Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы “эстрадалық вокал” мамандығының 8-сынып оқушысы Айнель Асқарова Ұлттық арнада өтіп жатқан телевизиялық жобаның қатысушысы атанды.
Нақтырақ айтқанда, көпке танымал “Qazaqstan дауысы. Балалар” жобасының көрмей таңдау кезеңінен өтіп, мыңдаған қарсыласын басып озды.
Дарынды оқушымыз “I found a boy” әнін шырқап, қазылар алқасындағы Жанар Дұғалова мен Дастан Оразбековті тәнті етті.
Ал Айнельдің соңғы таңдауы Жанар Дұғаловаға түсіп, ол жобаны аталған әншінің командасында жалғастыратын болды.
Талантты өреннің кәсібилігін шыңдап жүрген мұғалімі Алма Нурашеваға алғыс білдіреміз және Айнельдің жобадағы алдағы кезеңдеріне сәттілік тілейміз.
Жасай бер, АКАДЕМИЯМ!

Комментарии закрыты.