Академия оқушылары Махамбеттік көрерменді өнерімен тәнті етті

Привет, мир!
07.02.2022
АКАДЕМИЯ ОҚУШЫСЫ — ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ
31.05.2022

Академия оқушылары Махамбеттік көрерменді өнерімен тәнті етті

Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы оқушыларының театрландырылған музыкалық бағдарламасы Махамбет ауданында қойылды.
 
Салтанатты жиын аудандағы “Өнерпаз” мәдениет үйінің сахнасында болды.
 
Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрғали Латифұлы академия ұжымына және оқушыларына халыққа тамаша өнерлерін ұсынғаны үшін зор ризашылығын білдірді. Мәдениет үйінің басшысы, академия шәкірті, белгілі киноактер Ербол Идрисов бастаған мәдениет үйінің ұжымына да оқушылардың алғысы шексіз.
 
Ұлттық нақыштағы концертті тамашалаған махамбеттік көрермен де ыстық лебіздерін жасырмады.
 
Өнерлі өрендеріміздің өнеріне демеу болып, қойылымына қолдау білдіргені үшін Кіші өнер академиясы Махамбет ауданы әкімдігіне алғысын білдіреді.
 
Жасай бер, АКАДЕМИЯМ!

Комментарии закрыты.